Borjomi мен астың үйлесімі
Әртүрлі тағамдар мен сусындардың үйлесімі тек шығармашылықты ғана емес, ғылыми көзқарасты да қажет етеді. Мысалы, дәл шарап жағдайындағыдай минералды суды араластыру да білімді қажет етеді, тіпті минералды сумен жасалған температуралық әртүрлі шағын амал-шарғылар да сіздің тәжірибеңізді толығымен өзгертеді.
Минералды су сіздің дәмдік рецепторларыңызды әрбір келесі тістеуге дайындайды. Тағамның дәмін бейтараптандырудың немесе бүркемелеудің орнына, ол сізге оның дәмі мен хош иісін жақсырақ сезінуге көмектеседі. Алайда, әр тағамға әртүрлі су түрлерін қосқан жөн.
Басынан бастайық: Судың бірнеше түрі бар: STILL - газдалмаған су; LIGHT - аз газдалған суКөпіршікті - газдалмаған мен көпіршіктердің көрінбейтін дерлік,
ең аз мөлшерімен сипатталатын аз газдалғанның арасындағы санат; Классикалық - минералды су туралы ойлаған кезде көптеген адамдар елестететін газдылық деңгейі бар су. Минералдарға бай көптеген танымал газдалған сусындар, соның ішінде Borjomi де осы санатқа жатады;
Bold - ең ірі, дыбысы қатты көпіршіктермен сипатталады. Адамдар газдалған сусындарды ұнатпайтынын айтқан кезде олар әдетте минералды сусындардың осы санатын меңзейді.
Газдылығынан бөлек, судың басқа да: минералдануы, РН-факторы, балғындығы және т.б. сипаттамалары бар.
Ал енді – сіздің алдыңызда Borjomi! 8000 метр тереңдіктегі жанартау жыныстарынан ағып жатқан және жол бойында 60-тан астам элементтермен байытылған 135 жылдық тарихы бар балғын су.
Шамасы, ауызсу мен ас үйлесімінің де өзіндік әдебі бар екенін көп адам біле бермейтін болар.
Мысалы, газдылығына және рН-на байланысты Borjomi асшаянмен және қуырылған тауық етімен жақсы үйлеседі. Газдылығы мен минералдануына сәйкес – грильде піскен қой етімен ішкен дұрыс. Ал газдылығы бойынша ол күркетауық еті мен грильде піскен сиыр етімен өте жақсы үйлесім табады. Егер сіз балық пен мидия жеуді ұйғарсаңыз, міндетті түрде Borjomi қосыңыз, өйткені оның қышқылды-сілтілік теңгерімі осы екі тағаммен тамаша үйлеседі.
Дегенмен, суды аспен және шараппен ішкен кезде ойын ережелері аздап өзгеретінін есте ұстаған жөн. Бұл жағдайда су шараппен және аспен олардың арасында бәсекелестік емес, үйлесімді кірігу болатындай етіп үйлесуі керек. Бұл білім әсіресе Borjomi грузин үстелінен ажырамас орын алғаннан кейін қажет болды.
Грузин үстелінің үш қазынасын: тағамдарды, шарапты және Borjomiді қалай үйлестіру қажеттігін білу маңызды.
Егер сіз шарап пен асты дұрыс үйлестірсеңіз, тек газдалмаған суды ішуге әбден болады. Алайда, ақ және қызыл шарап жағдайында аздап айырмашылық бар: ақ шараппен минералды құрамы төмен және рН-ы бейтарап суды үйлестірген дұрыс. Қызыл шарап жағдайында – минералдылығы орташа немесе жоғары және рН-ы бейтарап су жақсы. Borjomi әсіресе қызыл шараппен жақсы үйлеседі, бірақ ол ақ шарапқа да қайшы келмейтіні анық.
Ғасырлар бойы адамдар суды табиғи температурасында тұтынған. Шарап жағдайында жертөлелердің барлығы дерлік 13°C температурада ұсталады, дегенмен шампан шарабы көбіне 6°C-қа дейін салқындатылады, ал кейбір шараптар тіпті 18°C температурада беріледі. Бұл амал-шарғылар шараптың дәмін күшейту үшін қолданылады.
Көптеген су көздерінің жылдық температурасы – дәл 13°C. Бұл ұқсастық, шамасы, жертөленің жер астында болуына және судың да жерасты көздерінен ағып жататынына байланысты болса керек.
Жалпы алғанда, суды кез-келген температурада беруге болады, бірақ егер сіз судың температурасын реттей алсаңыз, оны өз сусыныңызбен және асыңызбен жақсырақ үйлестіре аласыз.
Мысалы, температураның жоғарылауы
ірі және дыбысы қатты көпіршіктері бар суға қатты әсер етеді, ал су неғұрлым салқын болса, соғұрлым ол құнарлы болады. Көріп отырғаныңыздай, өзінің бірегей құрамының арқасында Borjomi жай сусын ғана емес, ол сіздің азығыңыздың аспаздық серіктесі де. Borjomi мен тағамдардың үйлесімділігін ескеру сіздің гастрономиялық тәжірибеңізді жаңа деңгейге көтереді.
Грузин дастарханының аңызы
Грузия-кішкентай, бірақ ерекше ел. Біздің еліміз алуан түрлілігімен - таулар мен ормандардың, флора мен фаунаның, минералды және термалды сулардың немесе балшық кен орындарының көптігімен ерекшеленеді. Грузия қара теңізден келетін субтропикалық, сонымен қатар құрғақ континенталды, тіпті альпілік жұмсақ климатымен өзгеше.
Жалпы алған Грузия жері өте құнарлы. Маусымдық жеміс-жидектердің алуан түрі, дәмді және пайдалы сүт өнімдері, сонымен қатар сан жетпес дәмдеуіштердің түрлері өте көп. Осындай керемет ингредиенттерді тапқырлықпен араластырып, айрықша дәмнің симфониясын шығарамыз. Әртүрлі ингредиенттер мен дәмдерді араластыру қалай басталды?
Көбінесе адамдар ойланбастан және ризашылық сезімінсіз оңай алатын барлық нәрсені қабылдайды. Ал қазіргі әлемде қалаған нәрсені алу өте оңай, тіпті жылдам. Мысалы, жай ғана супермаркетке кіріп, түрлі азық-түлік сатып ала аласыз немесе мейрамханаға барып, дәмді тамақ іше аласыз. Егер баруға ерінсеңіз, бұл да мәселе емес, батырманы басу арқылы тапсырыс бере аласыз және дәмді тағамдарды үйіңізге әкеледі.
Алайда, бастапқыда адам шикі тағаммен қоректенді. Ол жинаушы және аңшы болған. Бір кезеңде, мүмкін, кездейсоқ, ол отқа пісірілген тағамның әлдеқайда дәмді және қауіпсіз екенін анықтады. Уақыт өте келе ол өз қолымен түрлі өнімдер өсіре бастады, көшпеліліктен бас тартты және егіншілікпен айналысты, сонымен қатар тамақ дайындауды игерді. Аз-аздан тағамдарға әртүрлі иіс пен дім бере алатынын түсінді, әртүрлі тамақтарды ойлап тауып, ақырында оны әсемдеп ұсынуды да үйренді. Бұның артында қаншама сараптама мен инновация тұрғанын ойлап қараңызшы! Өнімді ашу, дәмін тату, қолға үйрету, өсіру, қуыру, қайнату, ашыту, ащы және тәтті дәмдерді араластыру, ыдыс-аяқты безендіру...
Кулинария – бұл өнер де, ғылым да. Ол - бүгінгі таңда грузин биі мен әні сияқты еліміздің ажырамас бөлігі болған, қаншама адамның көзге көрінбейтін еңбегінің нәтижесі. Бұл – бай тарихи мұрамыздың тағы бір көрінісі. Грузия географиялық жағынан тарихи даңғылдың торабында орналасқан. Ол арқылы әр дәуірде іртүрлі маңызды сауда жолы өткен, соның ішінде Еуропа мен Азияны жалғастырып жатқан «Ұлы Жібек Жолы» да бар.Дәл осы азялық, ортаазиялық және еуропалық сауда-саттықтың ықпалының арқасында грузиялық дәмдеуіштер мен ингредиенттер, тағам әзірлеу техникалары түрленген болар. Грузин дастарханы – тамақ пен сусын ғана емес екені тілімізден де анық білінеді. «Достық» деген сөз ортақ табақтан ас ішу дегенді еелстетеді, осылайша грузин халқы дастарханға деген көзқарасын білдірді.Тамақтандыру – өзінше бір дәстүр, өмірді ұзартудың, өмір берудің қасиетті процесі.
Егер қасиет туралы айтатын болсақ, онда міндетті түрде нан туралы айтуымыз керек, бұл -грузин дастарханының негізі. Наннан үзіп алып, одан ауыз тигізу – терең байланысты білдіреді. Елдің бұрыш-бұрышында өз наны болған, бұрын біреу нан пісірсе, оның иісі келесі ауылға жетеді деп айтқан. Осылайша мерекелік дастархан жайылған. Наннан кейін бірден грузин асханасының сәні – хачапури туралы айту керек болады. Ол өз алдына бөлек мереке мен салтанаттың символы. Әр аймақ хачапуриді өзінше бөлек әзірлейді: имерульше, аджарша, мегрульше, остенише, тушури Котори, т.б. Хачапури тіпті материалдық емес мәдениеттің мұрасы мәртебесіне ие. Сіз бұл екі ингредиенттен тұратын қарапайым болып көрінетін тағам соншалықты дәмді болуы мүмкін бе деп ойлаған шығарсыз? Алайда тағы бір құпия ингредиенті бар – адамның жаны мен жүрегі! Онсыз хачапури шықпайды! Қамырын илеп жатқанда салғаны әніңізге көп нәрсе байланысты. Алайда Пури сөзі Үндістанда да кездеседі, бірақ хачапури көбінесе еуропалық тағам болып саналады. Оны тіпті грузиялық пицца деп те атайды.
Азиялық акцент басымырақ көрінетін тағам – хинкали. Оған ұқсас тағамдар Тибетте, Қытайда, Непалда немесе Моңғолияда көп кездеседі, бірақ олардың ешқайсысы хинкали сияқты танымал емес. Бұл жай ғана тағам емес, бұл ерекше нәрсе – хинкали жеуге бару керек. Хинкалиді жеу - тәжірибе. Еліміздің барлық қонақтарына қуана-қуана үйрететін өз ережелеріміз бар. Егер оны қолыңызбен ұстасаңыз, оның рақымын толық сезінесіз. Бұл хинкали: араларыңызда ештеңе болмауы керек, тек сіз және хинкали.
Жақында вегетариандық тағамдарға сұраныстың артуына байланысты бүкіл әлемдегі вегетариандықтар күнделікті рационын байытатын дәмді тағамдарды іздейді. Әрине, біздің пхалидің ассортименті (жаңғақ пен дәмдеуіштер қосылған көкөніс пасталарының әртүрлілігі) назардан тыс қалмады. Шпинат, қызылша, қырыққабат, баклажан, сәбіз, бұршақ, ошаған, пия - -мұның бәрі жаңғақтар мен дәмдеуіштермен бірге дәмді дәмнің нағыз жарылысын жасайды! Дәмді және пайдалы.
Грузин тағамдарын атап шығу оңай емес, барлық аймақты айналып шығу керек: Сван кубдариі, рачин лобианиі, мегрель харчосы мен эларджи, гуриандық бәліш. Грузин тағамдары кез келген жанның жүрегін жаулап алатыны таңқаларлық жағдай емес. Грузия - нағыз дәмді жұмақ. Еліміздің қонақтарынан Грузияда не ұнайтынын сұрағанда, олар бірінші кезекте тамағымыз бен шарапты айтады. Грузин тағамдары әлемдік аспаздықтың жасырын қазынасы болып саналады, бірақ соңғы жылдары ол халықаралық сахнаға шығып, лайықты құрметке ие болды. Бұған дәлел ретінде мен хачапури көптеген басылымдар бойынша ең жақсы 100 тағамның қатарына кіреді деп айта аламын, ал Грузия әрқашан жетекші орын алады. Грузин асханасының құпиясы, бәлкім, тамақты ас үйде емес, жерде дайындап басталатындығы шығар, өйткені біз аграрлық елміз. Енді еңбек пен махаббаттан шыққан термен әзірленген тағамды қалай мақтан тұтпасқа?!
Мәдени мұрамыздың бағасын білеміз. Сондықтан кулинарлық дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, кейбір рецептер ғасырлар бойы өзгеріссіз біздің заманымызға жетті. Соған қарамастан грузин асханасы заманға сай және өзекті. Бірқатар жергілікті жетекші мейрамханалар дәстүрлі грузин тағамдарының заманауи нұсқаларын ұсынады. Демек, грузин асханасы – үнемі дамып-жетіліп тұратын тірі ағза, ал дәстүр – болашаққа ұмтылуға көмектесетін күш. Осындай таңғажайып дәстүрде Боржоми грузин дастарханының лайықты өкілі болмақ.
Қысты қарсы алатын өнім
Салқындағаннан кейін теріміз де ерекше күтімді қажет етеді, сыртқы күтімнен бөлек теріміздің саулығы мен жастығын сақтау үшін тағамнан қажетті дәрумендер мен минералдар алу маңызды.
Бұл бес өнім жаздың күн сәулесінен кейін терінің күйін жақсартуға, сондай-ақ қыстың суық күндеріне жақсы дайындалуға көмектеседі.
Алма - қабынуға қарсы күшті жеміс, ағылшын күніне 1 алма жесең, дәрігерге барудың алдын аласың деген көне мәтелі тіпті асыра сілтеу емес.
Алма талшыққа бай, сондықтан ас қорыту жүйесінің саулығын сақтаудың негізі болып табылатын қымбат талшықты жоғалтпау үшін алманы шырын ретінде ішудің орнына жеу керек. Алма терісінде ультракүлгін сәулелердің адам терісіне тигізетін зиянын бейтараптандыратын пигмент бар және оның құрамындағы қоректік заттар меланиннің түзілуіне қатысады - ал меланин терімізді күн сәулесінен қорғайды.
Күніне 1 алма - иммунитеттің стимуляторы, оның құрамындағы С дәруменінің арқасында ол қыс мезгілінде, вирус маусымында өте маңызды.
Зімбірді аспаздық және медициналық мақсатта пайдалану тарихы көптеген ғасырларға созылады.
Зімбірдің қабынуға қарсы күшті қасиеттері бар, сондықтан ол лимон мен балмен бірге суық тиюді жеңілдетеді. Сонымен қатар, ол терінің күйін жақсарту және бірқатар аурулардың алдын алу үшін қажет антиоксиданттарға бай.
Зімбір қан айналымын және жасушаларды алмастыру процесін жылдамдатады, қоректік заттарды бүкіл денеге таратады, токсиндерді кетіруге көмектеседі, бұл сау және жақсы күтілген терінің алғышарты.
Кэйл - "суперфуд" және ең пайдалы көкөніс болып саналады. К витаминіне бай қырыққабаттың бұл түрі көптеген пайдалы процестерге қатысады, қабынуға қарсы қасиеттерге ие, сонымен қатар терімізді ультракүлгін сәулелердің әсерінен табиғи түрде қорғайтын каротиноидтардан тұрады, бұл терінің қартаю процестерін баяулатады.
Жаңғақ - омега-3-ке бай өсімдік өнімі, күніне 1 уыс жаңғақ жесеңіз, ол терінің тегіс болуына көмектеседі, қан айналымын жақсартады, бұл ағзадағы қоректік заттардың біркелкі таралуының қажетті шарты, теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды және зақымдалған теріні емдейді.
Өздеріңіз білетіндей, апельсин мен лимон С витаминінің көзі болып табылады, ол иммундық жүйені нығайтумен қатар коллагеннің түзілуіне қатысады, ал теріміздің серпімділігі коллагенге байланысты. 1 кесе цитрус шырынында С витаминінің тәуліктік дозасы бар.
Күрең күз
Әр маусымның өзіндік түсі бар. Күз сөзсіз қызғылт сары түсті. Мұның бір себебі, осы уақытта асхана үстелінде қызғылт сары түсті өнімдер басым болуы мүмкін.
Қызғылт түсті көкөністер ең алдымен денемізде А дәруменіне айналатын және сау теріні, жақсы көруді, репродуктивті денсаулықты және иммундық жүйелерді сақтауға көмектесетін бета-каротиннің артық мөлшерін білдіреді.
Асқабақ өте төмен калориялы өнім, бірақ оның құрамында дәрумендер , минералдар мен антиоксиданттар көп. Маусымдық инфекциялармен күресу үшін асқабақ пен бета-каротиннің жоғары концентрациясы көмектеседі.
Оның құрамында жүрек денсаулығына арналған арнайы қоректік заттар бар. Асқабақтан сіз әртүрлі тәтті және дәмді тағамдар жасай аласыз.
Батат - шағын көкөніс, тек 100 калориядан тұрады және күнделікті бета-каротиннің қажетті мөлшерін қанағаттандырады. С дәрумені, магний және т. б. сияқты маңызды дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз етеді.
Сәбіздің керемет күші -- көзіңіздің саулығын қамтамасыз ету. Көзді күннен қорғайды және катаракта сияқты аурулардың қаупін азайтады.
Сәбізде кальций мен К дәруменінің мөлшері жоғары, бұл сүйектерді нығайтуға көмектеседі. Қатерлі ісік қаупін азайтады, өйткені оның құрамында антиоксиданттар көп.
Цитрус - бір стақан жаңа сығылған апельсин шырыны С витаминінің күнделікті мөлшерін толтыра алады, бұл осындай маусымда өте маңызды, жүктілік кезінде өте қажет фолий қышқылы туралы да айта кету керек.
Шынында да, апельсин күздің соңында пісе бастайды, дегенмен барлық дүкендерде импортталған цитрус жемістері бар.
Шабдалы күзде одан да шырынды және дәмді болады, сонымен қатар таңғажайып хош иістен басқа, олар пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді , А, Е және К дәрумендеріне бай.
Королек Құдайдың жемісі деп аталады, өйткені оның пайдалы қасиеттері бар – А дәруменінің мөлшері көп және жақсы көру үшін қажетті витамин, талшыққа бай, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, калий мен электролиттер көп мөлшерде қуат беретін өнім.
Жақсы сіңіру үшін суық сығымдалған майлар, әртүрлі жаңғақ және авокадо сияқты пайдалы майларды қабылдау қажет. Маусымдық өнімдерден шабыт алу үшін Гастро гид мұрағатын қарап шығыңыз.