Choose chapter
АЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ережелерде IDS Borjomi тобының компаниялары тарататын Веб-сайттар мен Мобильді қосымшаларды пайдалану кезінде қолданылатын ережелер, соның ішінде Пайдаланушылардың Дербес деректерін өңдеу ережелері туралы ақпарат бар.
Ережелер IDS Borjomi мен пайдаланушылар арасындағы IDS Borjomi тауарларын жеткізу және/немесе қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібіне (ақпарат IDS Borjomi веб-сайттарында және мобильді қосымшаларында берілген) және IDS Borjomi науқандары мен басқа маркетингтік іс-шараларды өткізу тәртібіне қатысты қатынастарды реттемейді (ақпарат осындай іс-шара туралы ақпаратты орналастыру кезінде тікелей беріледі).
Ережелер IDS Borjomi мен Пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады. IDS Borjomi ережелерге кез келген уақытта ішінара немесе толығымен өзгерістер енгізу құқығына ие. Ережелер, олардың жаңа редакциясы және тиісті өзгерістер IDS Borjomi Веб-сайттарында/Мобильді қосымшаларында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға қол жеткізе отырып, Пайдаланушылар қол жеткізген кезде жарамды Ережелерді орындауға келіседі. Егер Пайдаланушылар Ережелердің қандай да бір шарттарын орындаудан бас тартса, IDS Borjomi Пайдаланушыларға болашақта Веб-сайттарды / Мобильді қосымшаларды пайдаланбауды сұрайды.
Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға және барлық тиісті материалдарға қатысты құқықтар IDS Borjomi тиесілі.
Веб-сайттарда / Мобильді қосымшаларда Пайдаланушыларға басқа Пайдаланушылар көре алатын пікірлер қалдыратын мүмкіндік жоқ. Пайдаланушылар IDS Borjomi байланысу үшін кері байланыс тәсілін пайдалана алады.
Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды, сондай-ақ Веб-сайттар/Мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтерді тек 16 жастан асқан адамдар пайдалана алады.
ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕР
IDS Borjomi – IDS Borjomi International тобына кіретін барлық компаниялар.
Веб-сайттар - IDS Borjomi компаниялары тарататын веб-сайттар.
Мобильді қосымшалар - IDS Borjomi жасаған және заңды иесі болып табылатын, Android пен IOS жүйелеріне жүктеуге болатын мобильді қосымшалар және олар төмендегі мақсаттарға пайдаланылады:
IDS Borjomi өнімдеріне Пайдаланушылар тапсырыс беріп, соған қатысты барлық аспектілерді басқару үшін;
IDS Borjomi Қызметтерін ары қарай көрсету үшін, соның ішінде IDS Borjomi өнімдерін Пайдаланушыларға жеткізу және/немесе қажетті құрылғыларды орнату үшін;
Пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету үшін;
Мобильді қосымшаларда көрсетілген басқа да мақсаттар үшін.
Қызмет(тер) - IDS Borjomi тегін немесе ақылы негізде Пайдаланушыларға көрсететін және веб-сайттарда/мобильді қосымшаларда тапсырыс беруге ұсынылатын кез келген қызмет және онымен байланысты барлық мүмкіндіктер.
Пайдаланушы - Веб-сайттарды аша алатын, қарай алатын немесе кіре алатын/Мобильді қосымшаларды Қызметтерге тапсырыс беріп немесе бермей пайдаланатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға.
Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалану - IDS Borjomi Пайдаланушыларға ұсынатын және көрсететін Қызметтерді пайдалану, Веб-сайттағы/Мобильді қосымшадағы Материалдармен қалай да танысу, жүктеу немесе кез келген басқа тәсілмен пайдалану.
Дербес деректер – Пайдланушыларды тікелей немесе жанама сәйкестендіретін Веб-сайттар/Мобильді қосымшалардың көмегімен жинақталған жеке тұлға туралы мәліметтер немесе мәліметтердің жиынтығы.
Ережелер – Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалану шарттарын реттейтін осы Пайдалану ережелері.
Материалдар – Веб-сайттарда/Мобильді қосымшаларда жарияланған барлық статикалық және динамикалық элементтер, атап айтқанда: барлық ақпараттар мен мәтіндер, суреттер, аудио- және видеофайлдар, деректер базасы, сауда белгілері мен таңбалары, Веб-сайттардың/Мобильді қосымшалардың техникалық және графикалық шешімдері.
“Сookies” файлдары - Пайдаланушылардың электронды құрылғыларына Веб-сайттардан жіберілетін және веб-браузерлерде сақталатын қарапайым мәтіндік файлдар. Мұндай файлдар Пайдаланушыларды сәйкестендірмейді, бірақ Веб-Сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдаланғанда олардың әркеттері туралы ақпаратты жазып алады. Мұндай ақпарат Веб-сайттардың/мобильді қосымшалардың жұмысын жақсарту және тиісті параметрлерді реттеу мақсатында жиналады: пайдаланушылардың қалауын қадағалау, формаларды автоматты түрде толтыру, әлеуметтік желілерде ақпаратты тарату, қызметтерді пайдаланушылардың белгіленген қалауына бейімдеу, веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалану туралы жалпы статистикалық ақпаратты жинау.
ВЕБ-САЙТТАРДЫ/МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пайдаланушылар Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды тек төмендегі мақсаттарға пайдалануға құқылы:
IDS Borjomi тауарлары мен қызметтеріне қатысты ұсынылған Материалдармен танысуға;
веб-сайттың функционалы мүмкіндік бергенде IDS Borjomi Қызметтеріне тапсырыс беруге;
IDS Borjomi көрсететін осындай Қызметтердің жеке аспектілерін басқаруға;
IDS Borjomi веб-сайттардағы/мобильді қосымшалардағы кері байланыс нысаны арқылы хабарламаларға жіберілуі мүмкін сұраулармен, түсініктемелермен, шағымдармен және ұсыныстармен жүгіну, сондай-ақ IDS Borjomi кейінгі жауап алуға;
Веб-сайттар мен Мобильді қосымшаларда ғана көрсетілген басқа да мақсаттарға құқылы.
Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды кез келген басқа мақсатта пайдалану заңсыз болып табылады.
Пайдаланушылар:
Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалану кезінде Ережелердің шарттары мен қолданыстағы заңнаманың ережелерін басшылыққа алуға;
Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды тек жоғарыда аталған мақсатта пайдалануға міндетті;
IDS Borjomi рұқсатынсыз коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта Веб-сайтта/мобильді қосымшаларда орналастырылған материалдарды ешқандай жолмен пайдаланбаңыз, Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды декомпиляцияламаңыз, кері инженерлік әрекеттерге бармаңыз, веб-сайттардың/мобильді қосымшалардың Шығыс кодына талдау жасамаңыз немесе араласуға тырыспаңыз;
IDS Borjomi немесе үшінші тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқықты қандай да бір түрде бұзатын, сондай-ақ коммерциялық сипаттағы қалаусыз хабарламаларды ("спам") жіберу мақсатында Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдаланбаңыз;
Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға араласу немесе араласу әрекеттерін жасау үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбаңыз.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Пайдаланушылар IDS Borjomi-мен төмендегі жолдар арқылы байланыса алады:
Веб-сайттардағы/Мобильді қосымшалардағы кері байланыс формасы арқылы (өтінім немесе шағым) хабарлама жіберіп;
Веб-сайттарда/Мобильді қосымшаларда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы.
IDS Borjomi-ге жүгіну және кері байланыс алу үшін пайдаланушылар IDS Borjomi жеке деректерді келесі көлемде хабарлайды: Тегі, Аты, Әкесінің аты; электрондық мекенжайы; телефон нөмірі; тұрғылықты қаласы мен елі. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ осындай дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру шарттарына қатысты толық ақпарат Ереженің тиісті бөлімінде жазылған.
Пайдаланушылар Веб-сайттарда/Мобильді қосымшаларда көрсетілген кері байланыс формасы арқылы төмендегі сипаттағы хабарламаларды жібермеуі керек:
IDS Borjomi немесе үшінші тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне тиетін, құқықты қандай да бір жолмен бұзатын немесе қандай да бір зорлық-зомбылық, қорлау, кемсітушілік сипаттағы қандай да бір хабарламаларды;
коммерциялық сипаттағы қаламайтын хабарламаларды («спамды») жібермеуі керек.
Пайдаланушылар жоғарыда аталған сипаттағы хабарламаларды жіберген жағдайда, IDS Borjomi мұндай хабарламаларға жауап бермеуге, сондай-ақ осындай хабарламаларды жіберген пайдаланушыларды болашақта кері байланыс функциясын пайдаланудан айыруға құқылы.
Пайдаланушылар мен IDS Borjomi арасындағы байланыс техникалық бекіту құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушылар телефон арқылы сөйлескен кезде телефон арқылы сөйлесуді, сондай-ақ пайдаланушылар мен Borjomi IDS арасында алмасатын хабарламаларды IDS Borjomi қызмет көрсету сапасын бақылау, сондай-ақ тапсырыс берілген IDS Borjomi өнімдері мен қызметтеріне өзгертулер енгізу үшін сақтайды. Веб-сайттардағы/мобильді қосымшалардағы кері байланыс нысандары арқылы пайдаланушылар жіберген кез-келген хабарламалар, Ақпарат және материалдар пайдаланушылардың меншігі болып табылады.
Кері байланыс формасы
Пайдаланушылар IDS Borjomi байланыса алатын кері байланыс формасы Веб-сайттарда/Мобильді қосымшаларда орналасқан.
Пайдаланушылар Веб-сайттардағы/Мобильді қосымшалардағы кері байланыс нысандары арқылы жіберілген хабарламаға жауап ретінде ақылға қонымды мерзімде, бірақ хабарлама жіберілген сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде толық және жан-жақты ақпарат алуға құқылы.
Пайдаланушылар ақылға қонымды мерзімде жүгінуге жауап ретінде толық және жан-жақты ақпарат алуға құқылы, бірақ байланыс телефоны арқылы IDS Borjomi жүгінген сәттен бастап 30 күннен аспайды.
IDS BORJOMI-ДІҢ ХАБАРЛАМАЛАРЫ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖОЛДАУЛАРЫ
IDS Borjomi хабарламалары
IDS Borjomi Пайдаланушыларға төмендегідей хабарламалар жіберуі мүмкін:
IDS Borjomi Веб-сайттарындағы/ Мобильді қосымшаларындағы кері байланыс нысаны арқылы жіберілген хабарламаларға (өтінімдер мен шағымдарға) жауап;
IDS Borjomi тауарлары мен Қызметтеріне тапсырыс беру барысында, тапсырыстарды басқару кезінде, IDS Borjomi тауарларын жеткізіп, қызметтерді көрсеткенде.
IDS Borjomi SMS-хабарлама, электронды хат, мессенджерлердегі хабарлама мен Мобильді қосымшалардағы хабарламалар түріндегі хабарлама жібереді.
Пайдаланушылар IDS Borjomi Веб-сайттарындағы/Мобильді қосымшаларындағы тиісті параметрлер арқылы хабарландыру жіберу процедурасын басқара алады (Веб-сайттың/Мобильді қосымшаның функционалдығы мен ішкі параметрлеріне байланысты).
IDS Borjomi сонымен қатар IDS Borjomi өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты, осындай тауарлар мен қызметтер бойынша жарнамалық және коммерциялық ұсыныстарды қамтитын Веб-сайттарды/ Мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға ақпараттық жолдамалар таратуды жүзеге асырады.
Ақпараттық жолдамалар
Ақпараттық жолдамалар Пайдаланушылар берген ерікті келісім негізінде IDS Borjomi алдын ала берген Дербес деректер базасы негізінде ғана жүзеге асырылады:
Веб-сайттар/Мобильді қосымшалар арқылы ақпараттық жолдамаларға жазылған жағдайда;
IDS Borjomi тауарлары мен Қызметтеріне Веб-сайттар/Мобильді қосымшалар арқылы тапсырыс бергенде.
IDS Borjomi ақпараттық жолдамаларды SMS-хабарлама, электронды хат, мессенджерлердегі хабарлама мен Мобильді қосымшалардағы хабарламалар түрінде жібереді.
Ақпараттық жолдамалардың мазмұнын IDS Borjomi Пайдаланушылардың қалауына сәйкес және олардың профиліндегі деректерге сүйене отырып құрастырады.
Пайдаланушылар жіберілген хабарламадағы тиісті функцияны пайдаланып, кез-келген уақытта IDS Borjomi ақпараттық жолдамаларын алудан бас тарта алады.
ЗИЯТКЕРЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Веб-сайттардың/Мобильді қосымшалардың материалдарына, сондай-ақ Веб-сайттар мен Мобильді қосымшаларға зияткерлік меншік құқығы толығымен IDS Borjomi тиесілі (немесе мұндай материалдарды пайдалану құқығын IDS Borjomi үшінші тұлғаларға алдын-ала тиісті түрде берген).
IDS Borjomi Пайдаланушыларға Материалдарды толығымен немесе ішінара қандай да бір жолмен коммерциялық немесе коммерциялық емес пайдалануға тыйым салады (соның ішінде: ойнату, ұсыну, бейімдеу, өзгерту, жариялау, беру, бұрмалау, басқа веб-сайтқа біріктіру және т.б.). Материалдарды пайдалану қажет болған жағдайда, Пайдаланушылар IDS Borjomi Веб-сайттардағы/Мобильді қосымшалардағы кері байланыс нысаны арқылы жіберіп, тиісті сұраумен жүгіне алады.
Пайдаланушылар немесе кез келген үшінші тұлғалар Веб-сайттардың/Мобильді қосымшалардың Материалдарына зияткерлік меншік құқықтарын бұзған жағдайда, IDS Borjomi бұзылған құқықтарды қорғау бойынша барлық қолжетімді шараларды қабылдауға, соның ішінде сот тәртібімен құқықтарды қорғауға жүгінуге құқылы.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Пайдаланушылар ережелердің қандай да бір шарттарын сақтамаса, ол шартты бұзушылық болып табылады және Ережелерді реттеуге қолданылатын Ережелер мен құқықта белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Веб-сайттарда/Мобильді қосымшаларда үшінші тұлғалардың веб-ресурстарына апаратын гиперсілтемелер болады. IDS Borjomi мұндай веб-ресурстарда орналастырылған мазмұн үшін, сондай-ақ осындай ресурстарды пайдалану нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін Пайдаланушылардың Дербес деректерін жинау және өңдеу үшін жауап бермейді.
IDS Borjomi Пайдаланушылардың Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға қауіпсіз, үздіксіз және дұрыс қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бар күшін салады. Бұл ретте IDS Borjomi Веб-сайттардың/Мобильді қосымшалардың жұмысындағы іркілістер, мұндай Веб-сайттардың/Мобильді қосымшалардың құрылғылардың барлық түрлерімен үйлесімсіздігі, сондай-ақ Интернет желісіне қосылу мүмкін еместігі салдарынан Пайдаланушылардың Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға қол жеткізе алмағаны үшін жауапты болмайды. IDS Borjomi Пайдаланушылардың Веб-сайттарға/Мобильді қосымшаларға кіруін толығымен немесе ішінара шектеуге құқылы.
IDS Borjomi Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалану нәтижесінде пайда болатын шығындар үшін Пайдаланушылар алдында жауап бермейді. IDS Borjomi сонымен қатар Веб-сайттар/Мобильді қосымшалар арқылы жасалған кез-келген пайдаланушы әрекеттері үшін үшінші тараптарға жауап бермейді.
ҚОРЫТЫНДЫ ШАРТТАР
Ереже Веб-Сйаттарда/Мобильді қосымшаларда жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
IDS Borjomi мен Пайдаланушылар арасында Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалануға қатысты туындайтын кез-келген мәселелерді шешу Тараптар арасындағы келіссөздер және Пайдаланушылардың IDS Borjomi тиісті сұраныспен, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүгінуі арқылы жүзеге асырылады. Веб-сайттарды/Мобильді қосымшаларды пайдалануға қатысты кез-келген сұрақтар бойынша Пайдаланушылар IDS Borjomi қолдау қызметіне Веб-сайттардағы/Мобильді қосымшалардағы кері байланыстың тиісті формалары арқылы жүгіне алады. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге қатысты мәселелер бойынша Пайдаланушылар IDS Borjomi өкіліне privacy@borjomi.com электрондық мекенжайын хат жолдауына болады.
Веб-сайт IDS Borjomi Georgia тиесілі, A Georgian Branch of IDS Borjomi Beverages Co.N.V., С/Н:204870844, мекенжайы: Грузия, Боржоми 1200, Тори көшесі N39