Жаңалықтар

Жаңалықтар

05 марта, 2024

Borjomi лимонады: Төрт дәм, төрт бөлек симфония

Қош келдіңіз Боржоми әлеміне, мұнда дәм, тарих пен табиғат бір-бірімен тоғысып, мүлдем инновациялық әрі ерекше туынды – Боржоми Лимонадын дүниеге әкелді! Бұл өнімнің бастауы тұтынушыларға шынайы эмоциялық саяхат сыйлау идеясында жатыр. Бұл жай ғана лимонад емес; оның мәні күнделікті сәттерді айрықша етіп, өмірді мерекелік көңіл-күйге бөлейтін құдіретке ие.

Өзіне тән дәмі мен ерекшеліктері бар бұл тәтті, ойнақы сусын сізді Грузияның бай мұрасы мен табиғи ғажайыптарына саяхаттауға шақырады. 

Borjomi лимонады керемет төрт дәммен ұсынылған: тархун, алмұрт, аджар мандарині және цитрус. Әрбір дәм грузин нышандарының ерекше үйлесімін бейнелейді. Олардың әрқайсысын бөлек-бөлек қарастырайық:

Тархун - грузин тағамдары жарқын тархун сығындысынсыз кемеліне келмейді. Көптеген тағамдарда, сусындарда және мәдени шығармаларда кездесетін тархун елеулі орын алады! «Тархуна» Borjomi лимонады – бұл грузин аспаздық мұрасының көрнекті өкілі ретінде қызмет ететін тірі су мен көкөніс шырынының бірегей үйлесімі.Бұл дәм ностальгия мен қуатты бірге береді.

Бұл – аңсау мен жандану сезімін тудыратын дәм.

Алмұрт – Грузияның жайқалған бақтары мен көркем ауылдарының нышаны.

 «Алмұрт» Limonati by Borjomi – бұл алмұрттың керемет тәттілігі мен минералды судың ойнақы және сергітетін ноталарын үйлестірген тәтті симфония. Бұл жарқыраған қосылыс сізді грузин табиғатының молшылығын еске түсіретін дәммен қалдыратын керемет үйлесімдік қабылдауды тудырады.

Грузин үстелі тархун мен алмұрт лимонадынсыз толық емес. Осы классикалық дәмдерден бөлек, 

Borjomi  қандай да бір жаңа туындысын – аджар мандарині мен цитрус лимонадтарын ұсынады.

Аджар мандарині - Аджар мандарині қосылған Limonati by Borjomi күннің жылуы мен қуатын бір бөтелкеде біріктірген.

Бұл хош иіс сізді сәулелі қуатпен толтырылған Аджарияның шуақты беткейлеріне апарады.

Цитрус - Цитрусты Limonati by Borjomi балғындық пен сергектікті бейнелейді. Әрбір тамшысы оны сергіткіш және жанды дәм іздейтіндер үшін мінсіз нұсқа ете отырып, саяхат пен шытырман оқиғаларға жетелейді. 

Borjomi лимонады мерекелік сәттерді жасай отырып, рахат пен бақыт сезімін тудырып, күнделікті өмірді бұрын-соңды болмаған биіктерге көтереді.

Borjomi лимонадының қаптамасы Грузия тарихынан шабыт алып, грузин сәулетін, Borjomi  аңғарын, минералды суды және брендтің символы – бұғы туралы аңызды бейнелейтін табиғат көріністерін, ою-өрнектерді ұсынады. Грузин тіліндегі "ЛИМОНАТИ" сөзі терминді әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында бөтелкеде латын әріптерімен жазылған. Бұл эмоционалды бөлшектер бірге әр бөтелкесі ұмытылмас сәттер мен талғамдар әлеміне апарар портал қызметін атқаратын Borjomi лимонадтары әлемінің кескіндік келбетін қалыптастырады.

Share on social media