Жаңалықтар

Жаңалықтар

01 декабря, 2021

Borjomi аңызға айналған бұғысын Жаңа жылдық компаниясында қайта жандандырады

"Қараша, 2021 ж

Borjomi-ден қуат ал 

Жаңа жылдық мерекелер — көңілді кез, әлеуметтік іс-шаралар мен отбасылық отырыстар, дәстүрлер өмірге қайта келетін уақыт.

Жаңа жыл қарсаңында Грузия тауларындағы бұлақтардан өндірілген аты аңызға айналған Borjomi минералды су бренді "Borjomi-ден қуат ал" деген ұранмен жаңа жарнамалық науқанды бастайды.

Өзінің өмір беретін қасиеттерімен танымал, Грузин тауларының жүрегінен шыққан аңызға айналған Боржоми суы, әсіресе мерекелік қарбалас күндерде күш-қуат алғысы, табиғи дәмнен ләззат алғысы келетіндер үшін тамаша серік.

Науқан Грузияда түсірілді және бренд әртүрлі байланыс нүктелерінде күтпеген және ерекше сәттерді жасайтын шығармашылық стратегияның жалғасы болып табылады.

Грузиндік өмір салтына заманауи көзқараспен қарауды және аңызға айналған бұғыны жандандыруды ұсына отырып, жаңа жылдық жарнамалық науқан Грузияның табиғатына, оның мұрасына және грузин шығармашылығының жаңа толқынына құрмет көрсетеді."

Аңызға айналған батырдың оралуы

Ескі аңызда айтылғандай, Боржомидің қайнар көзін аңшылардан қашқан жас бұғы ашты. Ол науқанның негізгі символына айналды, көптеген жылдар бойы Borjomi брендінің тарихының маңызды бөлігі болды.

Аңыз кейіпкерін қазіргі әлемге жеткізу үшін иконикалық бұғы бейнесі жаңартылып, шектеулі шығарылым топтамаларының дизайнына, жаңа жылдық роликтер мен жарнамалық активацияларға енгізілді. Науқанның мақсаты - Боржоми бұғысын жаңа жылдық кезеңде жандандыратын энергияның символына айналдыру.

Шектеулі өнімдердің дизайны

Науқан аясында Borjomi-дің шектеулі өнімдері сатылымға шыға бастайды. Оның дизайны брендтің қолтаңба түстері - Georgian Green мен қою көкке назар аудара отырып, мерекелік көңіл-күйді көрсетеді. Жаңа дизайндағы шектеулі шығарылымы бірінші желтоқсанда сатылымға шығады.


Грузияның барлық жұлдыздары

"Боржомиден қуат ал" науқанының бет-бейнесі әйгілі грузин топ-моделі Лика Ригвава болды. Сондай-ақ, брендтің жарнамалық түсіріліміне fashion-инфлюенсер Мариам Сано және танымал тележүргізушілер Саломе Гвиниашвили мен Бахва Брегвадзе қатысты. Науқанға арналған музыканы Грузияның ең көп ізденетін музыкалық продюсерлерінің бірі Александр Корзая (Kordz) жазды: оның "Untitled Fantasy" хитінің ремиксі жаңа жылдық ролик үшін арнайы жасалған."

Share on social media